Ирактың Мосул қаласындағы ДАИШ жетекшісінің көзі жойылды
Ирактың Мосул қаласының шығысында ДАИШ сионистік тобының ақпарат тарату комитеті басшысының көзі жойылды.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің «Al Sumaria News» ақпарат торабына сілтеме жасап хабарлауынша, Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысындағы жергілікті дереккөздері ДАИШ лаңкестік тобының ақпарат тарату комитеті басшысының Мосулдің шығысындағы әл-Караме аймағында қауіпсіздік күштерімен шайқаста екі серігімен бірге көзі жойылғанын мәлімдеді.
Осы дереккөздерінің мәлімдеуі бойынша, ДАИШ өзінің үгіт-насихаттық күштерін Мосулдегі қақтығыстардан бейнематериал әзірлеуге жұмылдырған. Осы бейнематериалдар ДАИШ тобына қарасты "Амақ" арнасынан таратылады.
Нейнава облысының орталығы Мосулді азат ету амалдары 2016 жылы 17 қазанда Ирак премьер-министрі Хайдер әл- Абадидің бұйрығымен басталды. Мосул ДАИШ лаңкестерінің Ирактағы ең маңызды базасы болып табылады.