Эрдоған Түркиядағы тынышсыздықтарды кеш мойындады
(last modified Fri, 06 Jan 2017 12:26:12 GMT )
Қаң 06, 2017 18:26 Asia/Almaty
  • Эрдоған Түркиядағы тынышсыздықтарды кеш мойындады

Түркия Президенті өз елінің қауіпсіздігінің Сирия мен аймақтың басқа елдерінде қауіпсіздіктің орнатылуына байланысты екенін мойындады.

Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған бейсенбі күні Анкарада метроның жаңа желісін ашу рәсімінде: «Түркияның қауіпсіздігі тек Газиантеп қаласымен шектелмейді. Сондықтан бұл елдің шекараларының сырты мен көршілес мемлекеттерде қауіпсіздік орнатылуы керек»,- деді.

Эрдоғанның бұл қайшы уәждері осы кезге дейін Түркия лаңкестікпен күрес саласында екіжүзді саясат жүргізген және ДАИШ сынды лаңкестік топқа қаржылай және әскери қолдау көрсетіп, Сирия мен Ирактағы тынышсыздықтарға өз үлес қосқан жағдайда айтылуда.

Түркия үкіметінің баспасөз хатшысы Ибрахим Кален: «Түркия Адана облысындағы Инжерлик әуе базасының бір бөлімін жабу құқығына ие. Түркия басшылары осы уақытқа  дейін бұл базаны жабу туралы шешім қабылдаған жоқ»,- деді.