Бружерди: Иран мен Ливан барлық негіздерде екіжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделі
Қаң 07, 2017 23:14 Asia/Almaty
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алауэддин Бружерди Ливан президенті Мишель Аунмен кездесуден кейін Сириядағы соңғы өзгерістер мен Иранның парламенттік делегациясының Сирияның жоғары дәрежелі қайраткерлерімен кездесулері туралы есеп беріп, Сирия тақырыбының қауіпсіздік тұрғыдан Иран мен Ливан үшін маңыздылығын қуаттап:
«Ливан президенті Иран ислам республикасынан көбі Ливанда тұрып жатқан сириялық босқындардың мәселесін шешуге көмектесуді сұрады» деді.
Иран ислам республикасының парламенттік делегациясы Алауэддин Бружердидің төрағалығымен бейсенбі күні түстен кейін Ливанға келді.
Тегтер