Стамбулдағы лаңкестік шабуылды жүзеге асырған адам анықталды
Қаң 08, 2017 15:30 Asia/Almaty
Түркияның ақпарат көздері милади күнтізбесі бойынша жаңа жылдың алғашқы күні Стамбулдың түнгі клубтарының біріне жасалған лаңкестік шабуылды жүзеге асырған адамды анықтағандарын хабарлады.
Әл-Алам ақпарат агенттігінің түркиялық «Дейли Сабаһ» газетінің сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, аталмыш лаңкестік шабуылды «Абумохаммад әл-Хорасани» деген лақап атпен танымал өзбекстандық азамат Абдулқадир Машарипов жүзеге асырған. Бұл мәселе тұрғысында Түркия басшылығы мәлімдеме жасаған жоқ.
Тегтер