Нетаньяху араб елдерімен бірігіп, Иранға қарсы ынтымақтастық жасағанын мойындады
Сионистік режимнің премьер-министрі араб елдерімен Иранға қарсы құпия байланыста болып, барлау жағынан ынтымақтастық жасағандарын мойындады.
Сионистік режимнің премьер министрі Беньямин Нетаньяху сенбі күні Американың "CBS NEWS" арнасының тілшісі Лесли Сталға берген сұхбатында Сауд Арабиясы мен Израильдің қолдауымен Таяу Шығыста Иранға қарсы коалицияның бар екенін мойындап: «Сионистік режим Сауд Арабиясымен байланысты ұлғайтып, араб елдерінің көбісімен мәлімет алмасуда.
Израильдің араб әлеміне қатысты тұрғысы өзгерген, өйткені кейбір араб елдері Израильді өзінің одақтасты санайды» деді.
Бұдан бұрын сионистік режимнің аймақтық ынтымақтастық министрінің орынбасары Аюб Ғара Тель-Авивтің араб елдерімен, соның ішінде Бахрейнмен жақын байланысын әшкерелеп, еврей раввиндері делегациясының Бахрейнге сапарын ұйымдастыруда рөл атқарғанын мәлімдеді.