Шамхани мен Башар Асад Сирия өзгерістері туралы кеңесті
(last modified Sun, 08 Jan 2017 15:14:24 GMT )
Қаң 08, 2017 21:14 Asia/Almaty
  • Шамхани мен Башар Асад Сирия өзгерістері туралы кеңесті

Сирия президенті мен Иран ислам республикасының Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Дамаскте екіжақты байланыстар мен аймақтағы, әсіресе Сириядағы маңызды өзгерістер туралы кеңесті.

Иран ислам республикасының Сирия және Ресеймен саяси, қауіпсіздік және қорғаныстық шараларының үйлестірушісі Әли Шамхани жексенбі күні Дамаскте Сирия президенті Башар Асадпен кездесіп, әңгімелесті.

Шамхани өзге сириялық қайраткерлермен, соның ішінде Сирияның ұлттық қауіпсіздік бюросының төрағасы Әли Мамлукпен кездесуді және аймақтағы маңызды мәселелер, екіжақты байланыс, Сирия өзгерістері және лаңкестікпен күрестің қазіргі жағдайы туралы ой бөлісуді жоспарлап отыр.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы бүгін Дамаскке келген кезде Алеппоның азат етілуін Сирия халқына таңылған оқиғалардағы жарқын белес деп атап: «Осы ел халқының қарсыласуы лаңкестік құралдар мен тұрақсыздық қалыптастырудың бір ұлттың төзімділігін жеңе алмайтынын көрсетті» деді.