Ирактық күштер Мосулдың шығысында алға жылжуда
(last modified Thu, 12 Jan 2017 17:09:26 GMT )
Қаң 12, 2017 23:09 Asia/Almaty
  • Ирактық күштер Мосулдың шығысында алға жылжуда

Нейнава облысы әкімшілігі кеңесінің мүшесі Әд-Дар әз-Зибари Мосул қаласының шығыс аймақтарында ирактық күштердің тұрғыларының нығайғанын және осы күштердің Мосулды ДАИШ лаңкестік тобының басқыншылығынан азат ету амалдары шеңберінде алға жылжуының жалғасып жатқанын хабарлап:

«Ирактың қауіпсіздік және қарулы күштерінің Мосулдың шығысы мен оңтүстігінде жылдамдықпен алға жылжуы осы аймақтардың әскери емес тұрғындарын елемеуді білдірмейді. Оларға қауіпсіздік орнату – басты маңыздылық» деді.

Әз- Зибари Мосулды азат ету амалдары үдерісін жылдамдатудың жалғыз стратегиясын әскери еместер мен Мосулдың түрлі аймақтары мен қалашықтарын тұрғындардан босату деп атады.

Солтүстіктегі Нейнава облысының орталығы Мосулды азат ету амалдары 2016 жылы қазан айының 17-і күні Ирактың премьер-министрі  Хайдер әл- Абадидің жарлығымен басталды.

Ирактың лаңкестікпен күрес ұйымы күштерінің ақпарат хатшысы Сабах әл- Ноғманның айтуынша, Мосулдың шығыс аймақтарының 80-85 пайызы толығымен ДАИШ лаңкестік тобының басқыншылығынан азат етілген.

 

 

Тегтер