Партиялар Нетаньяхуды премьер-министрліктен шеттетуге келісті
Сионистік режимнің солшыл партиялары Израильдің кабинеті "Ликуд" партиясының басшылығында қалады, бірақ Бениямин Нетаньяху өз еркімен отставкаға кетеді деп келісті.
Сол себепті егер оңшыл «Ликуд» партиясы алдағы парламенттік сайлауда көпшілік дауысқа ие болған жағдайда да солшыл партиялар Бениямин Нетаньяхудің төртінші рет қатарынан премьер-министр болуына кедергі жасауға күш салмақ.
«Израиль біздің үйіміз» партиясының төрағасы және Израиль режимінің бұрынғы Сыртқы істер министрі Авигдор Либерман бірнеше оңшыл және солшыл партиялармен ынтымақтастық жасап, олардың келісімін «Ликуд» партиясы басшыларының көбі қолдайды деп үміттенеді. Израиль үкіметі билігінің үшінші кезеңінің мүшелері мен оңшыл, солшыл, экстремистік және бірқалыпты партиялар Нетаньяхуды отставкаға жіберуге келісті.
Өткен 7 жылда «Ликудтың» басшылығы сионистік режимнің премьер-министрі Нетаньхудың мойнында болды. Әр кезеңде «Ликуд» партиясының халықтың алдындағы беделі төмендей берді. Осыған дейінгі сайлауда «Ликуд» партиясы Кнессеттің 120 даусының тек 30 дауысына ие болды. «Ликуд» партиясына дауыс беруші халық санының азаюы Нетаньяхудың жағдайын әлсіретеді.
Израильде жеңіске жеткен партия премьер-министр сайлау үшін кемінде 61 қолдаушы дауысқа ие болуы керек. Нетаньяху басқарған «Ликуд» партиясы 2015-ші жылдағы Кнессет сайлауында 61 оң дауысқа ие болып, кабинет құрды. Қазіргі кезде солшыл партиялар «Ликуд» партиясына қарсы кампания құрып, Нетаньяхуды алып тастауды мақсат етуде. Нетаньяхудың биліктен кетуі Израиль үшін зиян келтіреді. Яғни, кабинеттің құлауына, Кнессетің тарап, кезектен тыс сайлау өткізуге соқтырады.
Нетаньяху төртінші рет билік басына келмес үшін және Израильдің қазіргі кабинеті 4 жылдық заңды мерзімін аяқтау үшін солшыл партиялар асыра сілтеуші премьер-министрді үйінде отырғызу үшін талпыныс жасауда.
Нетаньяхудың саясаттарының халықаралық жүйемен үйлеспеуі және Израильді оқшаулауымен бірге режимнің ішінде де қатыгездік пен экстремизмді таратып, сионистерді бір-біріне қарсы қойды. Бейбітшілікті қолдайтын ағымдар соңғы айларда мыңдаған адам қатысқан шерулер өткізіп, Нетаньяхудың үстемшіл және соғысқұмар саясаттарын айыптап, Нетаньяхудың қалашықтар құрылысы мен Палестина халқын қырып-жою жолындағы қатынасын қайтадан қарастыруды талап етті.
Айта кететін жайт, «Ликуд» партиясы өз ішінде де қайшылықтармен кезікті. Бұл партияның мүшелері екі топқа бөлініп, Нетаньяхуды үкімет билігінен алып тастамақ. Мұндай жағдай партияның ішінде де, сыртынан да қысым көріп отырған Нетаньяхудың саяси өмірінің аяқталатындығынан хабар береді.