Иран мен Түркияның басшылары аймақта тұрақтылық орнату қажеттігін қуаттады
(last modified Fri, 13 Jan 2017 11:27:29 GMT )
Қаң 13, 2017 17:27 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркияның басшылары аймақта тұрақтылық орнату қажеттігін қуаттады

Иран мен Түркияның басшылары аймақта бейбітшілікті нығайтып, қауіпсіздік пен баянды тұрақтылық орнату жолында Теһран-Анкара-Мәскеудің тығыз әріптестігін маңызды деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани бейсенбі күні Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Хашеми Рафсанджанидың қайтыс болуына байланысты көңіл айту үшін телефон шалған Түркияның Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен сөйлесіп: «Марқұм аятолла Хашеми Рафсанджани әрдайым Иранның көршілес ислам елдерімен, әсіресе Түркиямен достық қарым-қатынасын кеңейтуді қуаттады»,-деді.

Рухани, сондай-ақ, өз кезегінде Түркия Президентіне лаңкестік шабуылдарда осы ел азаматтарының бірқатарының қаза болуына орай көңіл айтып, екі елдің өзара әріптестіктің арқасында аймақ халықтарын тыныштыққа жеткізу үшін лаңкестікті тамырымен жоя алатындығына үміт білдіріп: «ИИР аймақта бейбітшілік орнату үшін Теһран-Анкара-Мәскеудің жақынырақ әріптестік жасауын қолдайды»,-деп баса айтты.

Рухани Сирияға қатысты Астанада өтетін келіссөздерге тоқталып: «Мақсат аймақтағы барлық лаңкестік топтармен күресу болды. Иран мен Түркия әріптестігінің арқасында Сирия мен аймақта жақында тұрақтылық орнайды деп үміттенеміз»,-деді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған да осы телефон арқылы сұхбатта: «Иран мен Түркияның аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған қарым-қатынасын кеңейту өте әсерлі. Анкара екіжақты және аймақтық диалогты ілгерілетіп, одан әрі жалғастыруды қуаттайды.

Иран мен Түркия аймақта үлкен міндетке ие. Екі ел лаңкестік топтарды жою және аймақта қақтығыстарды азайту үшін өзара әріптестікті одан ары нығайтуы қажет. Барлық елдер Сирияда атысты тоқтату бітімінің негіздерін нығайтуға талпынуы керек»,-деді.