Йемен дәрі-дәрмек тапшылығына ұшырап, елде адами ахуал ушығып тұр
Йемендегі БҰҰ-ның гуманитарлық істерін үйлестіруші 19 миллион йемендіктің гуманитарлық көмекті қажет етіп отырғанын хабарлады.
Йеменнің астанасы Санадағы БҰҰ-ның гуманитарлық істерін үйлестіруші Джейми МакГолдрик 3 миллион 300 000 йемендік бала мен әйелдің ашқұрсақ күй кешіп отырғанына сілтеме жасап: «Йеменге жөнелтілетін гуманитарлық көмектер Саудия әскерилерінің осы елге қарсы шабуылдарының жалғасуы салдарынан соғыстан зардап шеккен аймақтарға көмектерді жеткізуге кедергі юасауына байланысты мардымсыз болып тұр» деді.
Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігі де Йеменнің солтүстігінде Саада облысында денсаулық және емдеу жағдайының шиеленісті болып отырғанын хабарлады. Йемендік басшылардың мәлімдеуінше, Саудияның шапқыншы армиясы тыйым салынған қаруларды қолдану арқылы Саада облысын бомбалауды жалғастырып, осы облыста бір миллионнан астам адамды денсаулық сақтау мен емдеудің қарапайым мүмкіндіктерінен мақұрым қалдырып отыр.
Сауд Арабиясы 2015 жылдың наурыз айынан бастап Йеменнің отставкадағы президенті Абд Раббе Мансур Хадиды билікке қайтару мақсатында Йеменге шабуылдарын бастады. Шабуылдардан қазірге дейін шамамен 45 000 йемендік өліп, көп адам жараланған.