Қаң 17, 2017 20:40 Asia/Almaty
  • Сирияның лаңкестікпен күрестегі жеңісі – қарсыласу өзегі ынтымақтастығының нәтижесі

ИИР президентінің бірінші орынбасары Сирияның лаңкестерге қарсы жеңістерін осы ел халқы мен армиясының және қарсыласу күштерінің жанкештіліктері мен табандылығының, сонымен қатар Иран мен Сирияның майдандық, саяси үйлесімділіктерінің арқасында іске асты деп бағалады.

ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири Теһранда Сирия премьер- министрі Имад Хамиспен өткізген ортақ  ақпарат отырысында: «Теһран мен Дамасктің үйлесімділігі Сириядағы майдандық және саяси салаларда қол жеткізілген жетістіктерді сақтау және осы елдің экономикасын қалпына келтіру үшін ынтымақтастық жасау мақсатында жалғасуы керек» деді.

Сирия премьер-министрі  Имад Хамис те осы ақпарат отырысында Иран қайраткерлерімен сұхбаттасуды жалғастыру қажеттігін қуаттап: «Иран мен Сирия лаңкестікке тосқауыл қоюда бір шепте тұр. Бұл ортақтастық баршаға үлгі болуы керек» деді.

 Имад Хамис Иранның лаңкестікпен күресте атқарып отырған рөліне, саяси, әскери және экономикалық барлық салалар бойынша Сирия халқы мен үкіметіне қолдау көрсетуіне алғыс айтумен қоса: «Лаңкестер мен олардың демеушілерінің Сириямен соғысы осы ел халқы мен армиясының төзімділігінің арқасында жеңіліске ұшырады» деді. Сирия премьер-министрінің Теһранға жасаған сапары барысында екі ел 5 ынтымақтастық құжатына қол қойды.

 

 

Тегтер