Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресейге сапар шегеді
Қазақстан Сыртқы істер министрі жақын арада Мәскеуге сапар шегетіні туралы хабарлауымен бірге өз елінің Сирия бейбітшілігі туралы келіссөздерді өткізуге толық дайын екенін мәлімдеді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов кеше журналистерге берген сұхбатта ресейлік әріптесінің шақыруымен 20-шы қаңтарда Мәскеуге сапар шегетіні туралы хабарлап: «Бұл менің Мәскеуге жұмыс бабымен баратын бірінші сапарым. Бұл сапар Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шаыруымен орын алуда»,- деді.
Қазақстан Сыртқы істер министрі сөзінің жалғасында елінің Сирия бейбітшілігі туралы келіссөздерді өткізуге толығымен дайын екенін қуаттап: «Астана бұл салада қажет тәжірибеге ие. Осыған дейін Иранның ядролық мәселесіне қатысты келіссөздердің екі кезеңі Қазақстанда өткен болатын. Сириялық тараптардың келіссөздері 23-ші қаңтарда өтеді деп жобаланған, бірақ сириялық, ресейлік, ирандық және түркиялық делегациялардың құрамының белгісіз боуына байланысты келіссөздердің өтетін күні өзгеруі мүмкін. Қақтығысушы тараптар БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілінің қатысуымен 8-ші наурызда Женевада өтетін келіссөздерден бұрын Астанада ортақ шешімге келеді деп күтеміз»,- деді.