Лариджани: Иран Сирия халқы мен үкіметін кесімді түрде қолдайды
(last modified Thu, 19 Jan 2017 09:50:30 GMT )
Қаң 19, 2017 15:50 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран Сирия халқы мен үкіметін кесімді түрде қолдайды

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы ИИР-ның лаңкестерді елден шығаруда Сирия халқы мен үкіметіне қолдау көрсететінін қуаттады.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні Сирияның премьер-министрі Эмад Хамис пен қасындағы делегациямен Теһранда өткен кездесуінде Сирияның Алеппо қаласындағы соңғы жеңістерімен құттықтап: «Бұл жеңістер Сирия халқының лайықты күш-қуатке ие екендігін дәлелдеді»,- деп баса айтты.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран мен Сирияның стратегиялық жолда орналасқанын айтып: «Теһран Қазақстанның елордасы Астанада келіссөздердің өткізілуіне қарсы емес. Алайда, Сирия халқының мүдделері мен оның территориялық біртұтастығы басты назарда болуы тиіс»,- деді.

Сирияның премьер-министрі Эмад Хамис аталмыш кездесу барысында: «Иран әрдайым Сирия халқы мен үкіметіне қолдау көрсетіп келді. Бұл қолдаулардың екі елдің шарапатты тегі, діни өркениеті, мәдениеті мен олардың арасындағы тарихи қарым-қатынастарының арқасында орын алып жатқаны таңданыс тудырмайды.

Жуырдағы Алеппо қаласындағы жеңістер Иран мен Сирия халықтарының күш-жігерінің нәтижесі болып табылады. Бұл жеңіс Сирия халқының жеңісі ғана емес, Иран халқы үшін де үлкен жеңіс саналады»,- деді.

Сирия премьер-министрі атысты тоқтату келісіміне қатысты: «Атысты тоқтату келісімі Сирия үкіметінің күш-қуатының нышаны болып табылады. Дамаск лаңкестерге қарсы күресте жеңіске жетіп, Сирияда тұрақтылықты орнату үшін барлық жоба мен жоспарларды құптайды»,- деп мәлімдеді.