Асад: Астана отырысында гуманитарлық көмектер басты бағдар болады
Сирия президенті Қазақстанның елордасы Астанада Сирия бейбітшілік келссөзін өткізудегі мақсатты ымыра орнату, гуманитарлық көмектерді жеткізу және ымырашылдық келісімшартына қосылу үшін қарулы кісілерге мүмкіндік беру деп атады.
Сирия президенті Башар Асад Жапонияның "TBS" хабар арнасына берген сұхбатында Дамасктің Астанадағы Сирия бейбітішілік отырысы туралы арнайы болжамға ие еместігін айтып: «Астана отырысындағы басты бағдар Сирия халқының тұрмыс- тіршілігін қолдау үшін атысты тұраты түрде тоқтатуға қол жеткізу болады.
Қарулы топтардың Сириядағы бейбітішілік үдерісіне қосылуы қаруды тастау және Сирия үкіметі тарапынан кешірілу дегенді білдіреді» деді.
Астана отырысына қандай тараптардың қатысатынының белгісіз екендігіне сілтеме жасаған Сирия президенті: «Сирия үкіметі осы отырыстың Сириядағы түрлі тараптар арасында барлық нәрсе бойынша келіссөз үшін трибунаға айналуына үміт артып отыр» деді.
Сирия президенті сондай-ақ Американың жаңа үкіметінің іс жүзінде лаңкестік туралы өз сөздеріне адал болуына үміт артып отырғанын, өйткені лаңкестіктің тек Сирияның мәселесі еместігін айтты.
«Сириялық-сириялық» сұхбаттасулар қаңтар айының 23-24 күндері Ресей, Түркия және Иранның қадағалауымен Қазақстанның елордасы Астанада осы елдің дағдарысын саяси жолмен шешуге алғышарт әзірлеу мақсатында өтеді.