Түркия Парламенті Конституцияға өзгертулер енгізуді бекітті
Қаң 21, 2017 21:56 Asia/Almaty
Түркия Парламенті сенбі күні 339 депутаттың оң дауыс беруімен осы ел Конституциясының 18-ші бабына өзгертулер енгізуді бекітті.
Түркияның Конституциясындағы өзгертулердің ең маңыздысы осы елдің саяси жүйесін парламенттіктен президенттікке айналдыру және президенттің билігін ұлғайту болып табылады. Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым Парламент өкілдеріне осы елдің Конституциясына өзгертулер енгізуді бекіткені үшін алғыс айтып: «Енді өз дауыстарымен шешім қабылдайтын халықтың кезегі келді» деді. Түркияның Конституциясына өзгертулер енгізуді растау референдумда дауыс берушілердің 51 пайызының оң дауысын қажет етеді.
Тегтер