Түркия Парламенті Конституцияға өзгертулер енгізуді бекітті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i23509
Түркия Парламенті сенбі күні 339 депутаттың оң дауыс беруімен осы ел Конституциясының 18-ші бабына өзгертулер енгізуді бекітті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 21, 2017 21:56 Asia/Almaty
  • Түркия Парламенті Конституцияға өзгертулер енгізуді бекітті

Түркия Парламенті сенбі күні 339 депутаттың оң дауыс беруімен осы ел Конституциясының 18-ші бабына өзгертулер енгізуді бекітті.

Түркияның Конституциясындағы өзгертулердің ең маңыздысы осы елдің саяси жүйесін парламенттіктен президенттікке айналдыру және президенттің билігін ұлғайту болып табылады. Түркия премьер-министрі  Бинали Йылдырым Парламент өкілдеріне осы елдің Конституциясына өзгертулер енгізуді бекіткені үшін алғыс айтып: «Енді өз дауыстарымен шешім қабылдайтын  халықтың кезегі келді» деді. Түркияның Конституциясына өзгертулер енгізуді растау референдумда дауыс берушілердің 51 пайызының оң дауысын қажет етеді.