Катар әмірі Иран Президентіне Теһранда орын алған «Plasco» оқиғасына орай көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i23573
Катар әмірі Иран Президенті Хасан Руханиге хат жолдап, Теһранда орын алған «Plasco» оқиғасында ирандық бірқатар өрт сөндірушінің шәһид болуына орай Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 23, 2017 14:17 Asia/Almaty
  • Катар әмірі Иран Президентіне Теһранда орын алған «Plasco» оқиғасына орай көңіл айтты

Катар әмірі Иран Президенті Хасан Руханиге хат жолдап, Теһранда орын алған «Plasco» оқиғасында ирандық бірқатар өрт сөндірушінің шәһид болуына орай Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Тамим бен Хамад Але Тани, сондай-ақ, өз хатында осы оқиға құрбандарының жанұяларына жанашырлық білдірді.

Осыдан бұрын «Plasco» ғимаратында өрт шығып, ғимарат құлап, бірқатар өрт сөндірушінің қаза болуына әкеліп соқтырған оқиға орын алған соң әлем елдерінің кейбір басшылары көңіл айту хаттарын жолдап, Иранның үкіметі мен халқына, осы қайғылы оқиға құрбандарының жанұяларына көңіл айтты.

Сонымен қатар, Иран Президенті Теһранда орын алған «Plasco» оқиғасынан соң жәрдем беруге талпынып жатқан барлық адамдарға алғысын айтып: «Психикалық тұрғыдан бұл жағдайды ауырлататын нәрсе – қаһарман өрт сөндірушілердің қаза болуы. Олар халықтың жаны мен мүлкін сақтау үшін өз жандарын қиды»,-деді.

Хасан Рухани  жексенбі күні түстен кейін үкіметтің отырысында үйінділерді ашу жұмыстарын тездетіп, мәйіттерді шығаруды, өрт сөндірушілер мен олардың жанұяларына лайықты түрде құрмет көрсетуді басты іс деп атап, қаланың бұл ауданының сауда-саттық жұмыстары жүргізілетін орталық болуын ескере отырып, тез арада сауда жұмыстарын бастауға жағдай жасау қажеттігін баса айтты.