Астанада Сирия мәселесіне арналған халықаралық келіссөздер басталды
(last modified Mon, 23 Jan 2017 15:33:37 GMT )
Қаң 23, 2017 21:33 Asia/Almaty
  • Астанада Сирия мәселесіне арналған халықаралық келіссөздер басталды

Қазақстанның елордасы Астанада бүгін, дүйсенбі күні Сирия үкіметі және онымен қарсылас қарулы топтардың өкілдері делегацияларының келіссөзі жеті делегацияның, соның ішінде отырысты ұйымдастырушы елдер Иран, Ресей және Түркияның қатысуымен басталды.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана бейбітшілік келіссөздерінің басында осы елдің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отырысқа қатысушыларға жолдаған үндеуін оқыды.

Қазақстан республикасы президентінің жолдауында: «Сирияның қазіргі ахуалы әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аударып отыр.

6 жыл бойы Сирияда жалғасып келе жатқан қанқұйлы қақтығыстар осы елдің халқы үшін бақытсыздық пен қайғы-қасірет әкелді» деді.  

Назарбаев өз жолдауының жалғасында Қазақстанның бейбітсүйгіш ел ретінде Таяу Шығыс аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатып, оны күшейтуге мүдделік танытатынын мәлімдеп: «Біз Сирияның қиыншылықтарын шешудің жалғыз шешім жолы осы елдегі жауласушы тараптар арасында келіссөз өткізу деп санаймыз»  деді.

Астанадағы екі күндік келіссөздер жабық есік жағдайында өтеді, алайда құпия емес бөлімдері отырыс өткізілетін қонақ үйдің сыртында отырған тілшілер үшін видео конференция арқылы таратылады.

БҰҰ-дағы Сирияның өкілі әрі Астана отырысындағы осы ел делегациясының төрағасы Башар Жафари бүгін Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі Астана отырысына қатысушы ирандық делегацияның жетекшісі Хосейн Джабери Ансаримен кездесіп, осы отырыстағы соңғы өзгерістер туралы кеңесті.