Иран Астана отырысында Сирия дағдарысын шешу үшін үшжақты стратегияны жалғастыруды қуаттады
(last modified Tue, 24 Jan 2017 03:08:40 GMT )
Қаң 24, 2017 09:08 Asia/Almaty
  • Иран Астана отырысында Сирия дағдарысын шешу үшін үшжақты стратегияны жалғастыруды қуаттады

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары нәтижеге жеткенше Сирия дағдарысын шешу үшін Теһран, Мәскеу және Анкараның үшжақты стратегиясын жалғастыру қажеттігін қуаттады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Хосейн Джабери Ансари дүйсенбі күні Сирия үкметі мен оның қарсыластарының делегациялары, БҰҰ, Иран, Ресей, Түркия және Қазақстан Сыртқы істер министрінің қатысуымен Қазақстанның елордасы Астана қаласында басталған сириялық келіссөздердің жалпы отырысында: «Иранның мақсаты Сириядағы соғыс аяқталып, сириялықтардың қалыпты тұрмыс- тіршілігіне оралуы және Сирия халқының тұтас ел мен қауіпсіз шекараларда егемендікке ие болуы үшін бірлесіп талпыныс жасау болып табылады.

Тағдырын өздері белгілеу барлық ұлттардың, соның ішінде Сирия халқының құқығы болып табылады. Ешбір шетелдік күш оған кедергі келтіре алмайды.

Халықаралық қауымдастық лаңкес топтарға заңсыз түрде қару жеткізуді және оларға қаржылай көмектер беруді ауыздықтауға көмек көрсетуі керек. Сонда ғана атысты тұрақты түрде тоқтату үшін әсерлі механизмге кепілдік болады» деді.

Джабери Ансари ДАИШ, "ән-Носрат майданы" және соларға қарасты өзге топтармен күресті жалғастыруды қуаттап: «Сириялық қарсыластар үшжақты бастаманы қолдау арқылы саяси шешім жолына жету және ұлттық бірлік пен жер тұтастығы бойынша еркін, жалпыға бірдей және ашық сайлау өткізу үшін сұхбаттарын бастай алады» деді.

 

 

Тегтер