Шіл 05, 2023 17:39 Asia/Almaty
  • Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталды

Бакуде Иран Сыртқы істер министрінің қатысуымен «Қосылмау қозғалысы, біртұтас және туындап жатқан сын-қатерлерге төтеп беруде табанды» тақырыбымен Қосылмау қозғалысына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталды.

 

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан осы отырыста  сөз сөйлеп, оның аясында басқа елдердің сыртқы істер министрлерімен және ресми тұлғаларымен, соның ішінде Әзірбайжан Сыртқы істер министрімен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастарды және ең маңызды аймақтық және халықаралық оқиғаларды талқылайды. Иранның Сыртқы істер министрі  осы басқосудың аясындағы маңызды отырыстарға, соның ішінде Қосылмау қозғалысы Палестина комитетінің отырысы мен Жарлық достарының отырысына қатысады.

Қосылмау қозғалысының рәсіміне сәйкес, екі қосылмау саммиті арасындағы аралықта министрлер кездесуі өтеді. Онда саммиттің маңызды шешімдері қаралып, жаңартылып, жаңа шарттарға сәйкес бұрынғы құжаттар мен шешімдерге өзгертулер енгізіліп немесе жаңа шешімдер мен құжаттар бекітіледі.

 

Тегтер