Мосулдың батысында ДАИШ-тың соңғы базасы азат етілді
Ирактың қауіпсіздік күштері ДАИШ-тың соңғы базасы болған әр-Рашидие аймағын азат етті.
«Әл-Фарат» ақпарат базасының дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, Нейнава әрекеттерін басқаратын орталық дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде Ирак армиясы күштерінің ДАИШ-тың соңғы базасы болған Мосулдың батысындағы әр-Рашидие аймағын азат еткенін хабарлады: «Ирак армиясының күштері Мосулдың солтүстігін азат еткен соң елдің туын қаланың ғимараттарының үстінде желбіретіп, алға ілгерілеуін жалғастыруда».
Ирактың Қорғаныс министрілігі дүйсенбі күні: «Ирак армиясының брондалған тоғызыншы бірлігі Мосулдың солтүстігінде алға ілгерілеуін жалғастырып, бірнеше ауылды азат етіп, ДАИШ-тың 50 лаңкесін өлтіріп, бомбамен жабдықталған алты көлік пен көліктерге бомбалар орнататын мекенді жарып жіберді»,- деп мәлімдеме жасады.