Адам құқығының инспекторлары Бахрейнде қарсыластарға өлім жазасының іске асырылуына қатысты ескерту жасады
(last modified Tue, 24 Jan 2017 09:08:08 GMT )
Қаң 24, 2017 15:08 Asia/Almaty
  • Адам құқығының инспекторлары Бахрейнде қарсыластарға өлім жазасының іске асырылуына қатысты ескерту жасады

Адам құқығының инспекторлары Бахрейн режимінің әділетсіз сот өткізіп, азап-қорлық көрсетіп алған мойындауларына сүйеніп, тағы екі адамға өлім жазасын қолдану ықтималы туралы ескерту жасады.

Пресс ТВ арнасының мәліметі бойынша, Адам құқығының инспекторлары дүйсебі күні: «Манама үкіметі Халифе режиміне қарсы екі белсенді Мұхаммад Рамазан Иса мен Хосейн Әли Мұсаға әділетсіз сот өткізіп, өлім жазасын іске асыруы мүмкін. Бахрейн соттарының бірі адам құқығын қорғайтын бұл екі белсендінің өлім жазасына айыпталуын растады. Бұл сот екі белсендіні әд-Дейр ауылындағы 2014-ші жылдың ақпан айындағы бір полицияның өліміне қатысты деп айыптады»,- деп мәлімдеді.
Адам құқығы инспекторларының Таяу Шығыс бөлімінің орынбасары Джо Строк бұл туралы: «Халифе режимі, әсіресе бұл елдің екі азаматының оларға тағылған айыпты азап-қорлық арқылы  мойындағандары туралы құжат бар жағдайда оларға өлім жазасын қолданбауы керек»,- деді.