Әл-Абади: Ирактың мұнайы ирактықтарға тиесілі
Қаң 25, 2017 17:47 Asia/Almaty
Ирактың Премьер-министрі Хейдар әл-Абади сейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың «АҚШ Ирактың шикі мұнай қорын өз қолына алуы керек» деген сөзіне реакция білдіріп: «Ирактың мұнайы ирактықтарға тиесілі»,- деді.
«Әл-Әлам» хабар арнасының мәліметі бойынша, Трамп сенбі күні АҚШ-тың Орталық Барлау басқармасының басшыларының алдында сөйлеген сөзінде: «Егер АҚШ Ирактың мұнай қорларын өз қолына алғанда, ДАИШ лаңкестік тобы пайда болмас еді»,- деген уәж айтты.
АҚШ жаңа президентінің бұл сөздері ол өзінің бірінші ақпарат отырысында Барак Обаманы ДАИШ лаңкестік тобының құрылуының себепкері деп атаған жағдайда айтылды.
Тегтер