Түркияға қарасты "Азат полиция" деп аталатын күштер Сирияға орналастырылды
(last modified Thu, 26 Jan 2017 03:45:29 GMT )
Қаң 26, 2017 09:45 Asia/Almaty
  • Түркияға қарасты

Түркия қарулы қарсыластардың қарамағында болған Сирияның солтүстік аймақтарына "Азат полиция" деп аталатын қарулы күштерін орналастырды.

«Alalam» телеарнасының сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша шекаралық "Джераблус" қаласындағы "Азат полиция" деп аталатын қарулы күштер 5 апта бойы Түркияда жаттықтырылып, қаруланған Сирия үкіметіне қарсылас қарулы күштер болып табылады.

Джераблустағы "Азат полиция" деп аталатын күштің қолбасшысы Абдолразақ Аслан осы қарулы күштерге Түркияның қаржылай және логистикалық қолдау көрсетіп отырғанын мойындап, миссиясының қауіпсіздік орнату, қоғамдық орындарды күзету және ДАИШ- тың басқыншылығынан азат етілген аймақтарда халыққа қызмет көрсету болып табылады деген уәж айтты.

"Сирияның азат армиясы" деп аталатын Дамаск үкіметіне қарсылас қарулы кісілер 2016 жылдың тамыз айында Джераблус қаласын өз қарамағына алды. Бұл Түркия Сирияның солтүстігінде "Эфрат қалқаны" атты іс-қимылдарға кіріскеннен бері өз қарамағына өткізіп отырған алғашқы қала болып табылады.

Түркия "Сирияның азат армиясы" деп аталатын қарулы топты қолдап отыр.

"Сирияның азат армиясы" деп аталатын қарулы топ Қазақстанның елордасы Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздеріне қатысты.