Бахрейн халқы Халифе әулеті режиміне қарсы жаппай шеру өткізді
(last modified Thu, 26 Jan 2017 15:14:46 GMT )
Қаң 26, 2017 21:14 Asia/Almaty
  • Бахрейн халқы Халифе әулеті режиміне қарсы жаппай шеру өткізді

Ақпарат көздері Бахрейн астанасы Манаманың әд-Дираз аймағында Бахрейн халқының Халифе әулеті режиміне қарсы жаппай шеруге шыққанын хабарлады.

Бахрейннің наразы халқы Халифе әулеті режимінің қылмыстарына қарсылық ретінде Манаманың "әд-Дираз" аймағындағы "әл-Фада" алаңының маңында шеруге шығып, Бахрейннің танымал рухани қайраткері шейх Иса Ғасемді қолдап, осы шерулердің Халифе әулеті режимінің қауіпсіздік күштерінің шейх Иса Ғасемнің үйінің алдына жиналғандарға жасаған шабуылына наразылық ретінде өткенін мәлімдеді.

Халифе әулеті режимінің күштері бейсенбі күні таңертең шейх Иса Ғасемнің үйінің алдына жиналған халыққа шабуыл жасап, олардың көбін жарақаттады. Бахрейннің қауіпсіздік күштері 20 көлікпен халық жиналған мекенді қоршап алып, оларды тарқату үшін соғыс оғын қолданды.

Бахрейн 2011 жылдың ақпан айынан бері Халифе әулеті режиміне қарсы халықтық революцияға куә болып отыр. Бахрейн халқы азаттық, әділет орнату, кемсітушілікті шешу және елде қалаулы жүйенің билік басына келуін  талап етіп отыр.