Халифе әулеті режимі Манамада қауіпсіздік шараларын күшейтті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i23819
Бахрейн ІІМ қауіпсіздік шараларын күшейту шеңберінде өзінің полиция күштерін Манамадағы әд-Дираз аймағының кіреберістеріне орналастырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 29, 2017 22:51 Asia/Almaty
  • Халифе әулеті режимі Манамада қауіпсіздік шараларын күшейтті

Бахрейн ІІМ қауіпсіздік шараларын күшейту шеңберінде өзінің полиция күштерін Манамадағы әд-Дираз аймағының кіреберістеріне орналастырды.

Бахрейн ІІМ жұма күні де "әд-Дираз" аймағында имам Садық (ғ.) мешітінде жұма намазын өткізуге кедергі жасады.

Бахрейннің қауіпсіздік күштері сәрсенбі күннен бері тікенек сымдар орнатып,  халықтың "әд-Дираз" аймағындағы шейх Дәруіш мешітіне кіруіне бөгет жасауда.

Бахрейннің қауіпсіздік күштері "әд-Дираз" аймағының тұрғындарына тек жеке құжаттарын тексерген соң ғана осы аймаққа кіруге рұқсат етеді.

Халифе әулеті режимі 2016 жылдың маусым айында бахрейндік үлкен рухани қайраткер шейх Иса Ғасемның азаматтығының күшін жойды.

Шейх Иса Ғасемді азаматтықтан айырудан кейін Манамадағы "әд-Дираз" аймағы 200 күннен бері Бахрейннің қауіпсіздік күштері тарапынан қоршауға алынып отыр.