Иранның араб елдерінің ісіне араласатыны туралы уәждер теріске шығарылды
ИИР СІМ ақпарат хатшысы БАӘ-нің Сыртқы істер министр-кеңесшісінің Иранның араб елдерінің ісіне араласатыны туралы уәждерін негізсіз әрі жөнсіз деп атады.
ИИР СІМ ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні түстен кейін БАӘ-нің Сыртқы істер министр-кеңесшісі Анвар Мохаммад Ғарғаштың Иранға қарсы сөздеріне реакция білдіріп: «Көршілес елдерге құрмет көрсетіп, рационалды тәсіл ұстануға кеңес беретін БАӘ-нің бұл қайраткері аймақтың жағдайын шиеленістіргеннен басқа нәтиже бермейтін жалған уәждерін қайталағанның орнына өз көзқарасын ойланып барып білдірсін.
ИИР-ның жүйесі халықтың құдіретіне арқа сүйеп, өзінің мақсат-мүддесін дұрыс анықтап, аймақта интеграция, бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнап, сақталу үшін жан-жақты талпыныс жасау арқылы дұшпандық саясаттар мен қатынастардан қорғануды өзінің заңды құқығы санайды.
Иран әрдайым аймақта диалог, егемендікке құрмет және тату көршілестік принциптерін сақтау қажеттігін қуаттап, барлық көршілерімен қисынды, тиімді әрі тең қарым-қатынаста болуға ынта білдіріп келеді»,-деді.