Бір палестиналық әйел сионист басқыншылардың қолынан шәһид болды
(last modified Tue, 08 Mar 2016 17:04:49 GMT )
Нау 08, 2016 23:04 Asia/Almaty
  • Бір палестиналық әйел сионист басқыншылардың қолынан шәһид болды

Сионист басқыншылар палестиналықтарға қарсы қылмыстарын жалғастырып, Құдс қаласының «Баб әл- Амуд» аймағының маңында 50 жастағы палестиналық әйел Фадави Ахмад Махмуд Әбутаирді нысанаға алып, шәһид етті.

Сионистік режимнің армиясы осы әйел израильдік әскерилерге суық қарумен шабуыл жасамақ болды деген уәж айтты. Палестиналық шәһидтер отбасыларының ұлттық қоғамы өзінің ай сайынғы есебінде ақпан айында жаулап алынған жерлерде 20 палестиналықтың сионистік режимнің әскерилері тарапынан оққа ұшып, шәһид болғанын қуаттады.