Башар Асад Сирияны қалпына келтіруге атсалысу үшін шарт қойды
(last modified Tue, 07 Feb 2017 13:34:54 GMT )
Ақп 07, 2017 19:34 Asia/Almaty
  • Башар Асад Сирияны қалпына келтіруге атсалысу үшін шарт қойды

Сирия президенті Еуропа Одағының Сирияны қалпына келтіруге атсалысуы үшін шарт қойды.

Сирия президенті Башар Асад: «Еуропа Одағының Сирияны қалпына келтіруге атсалысуының шарты Сирияның тәуелсіздігін құрметтеу және лаңкестікке қолдау көрсетуден бас тартуы болып табылады. Еуропалықтар тәуелсіз емес. Олар бар болғаны америкалық қожайындарының қалауын орындаушы ғана. Еуропа Одағы Сирияны ойрандауға үлес қосқаны сынды, Сирияны қалпына келтіруде рөл атқаруға мүдделілік танытып отыр» деді.

Сирия президенті Американың жетекшілігіндегі коалиция қимылдарының сириялық азаматтардың ДАИШ- тің қолынан қаза табуына кедергі болмағанына сілтеме жасап: «Сириядағы іс- қимылдар елдің ұлттық егемендігін бұзу болып табылады» деді. Башар Асад Дамасктің елдегі атысты тоқтату бітімінің баяндылығына берік екендігіне тоқталып, Сирияның бүкіл жерін лаңкестердің қолынан шығару керектігін қуаттады.