Түркияда құрықтаулар жалғасуда
Түркия үкіметі төңкерісті жасаушылар мен Гүленмен байланысты адамдарды құрықтауды жалғастырып, 4500 мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығарды.
Осы қызметкерлердің жартысынан көбі Түркияның Білім министрлігінде жұмыс істеген көрінеді. Осылайша сәтсіз төңкерістен кейінгі кезеңде Фатхулла Гүленнің жұмыстан шығарылған жақтастарының саны 125000 адамға жетті. Түркияда өткен жылдың 15 шілде айында олған сәтсіз төңкерістен соң әскерилер мен мемлекеттік қызметкерлерді тазарту үдерісі қауіпсіздік орнату қажеттігі сылтауымен әлі жалғасып жатыр. Әсіресе, қазір билік жүйесін өзгерту үшін Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар қабылданғаннан кейін Түркияда референдум өткізілуі тиіс. Анкара басшыларының көзқарасынша, қауіпсіздікті қалыптастыру осы елде референдум өткізу, экономиканы қайта жандандыру және даму үдерісін жалғастырудың алғышарты болып табылады.
Қазір Түркия басшыларының қауіпсіздік органдарының шараларын түсіндіру үшін айтып жатқан сылтауы осы елдің үгіт-насихат және қауіпсіздік органдарының 2015 жылдың жазында Түркияның парламентік сайлауының екінші кезеңінің қарсаңында жасаған істерге ұқсайды.
Түркияның парламентік сайлауының екінші кезеңін өткізу барысында 2015 жылдың шілде айында Сурудж оқиғасы орын алып, содан кейін елде қауіпсіздік қалыптастыру мақсатымен Сурудждағы жарылысқа жауаптылар ретінде Түркияның Күрдістан жұмысшылар партиясының мүшелерін басып-жаншу 2015 жылдың қараша айында бұл елдегі парламенттік сайлаудың екінші кезеңінде «Әділет және даму» партиясының жеңіске жетуіне септігін тигізді. Осы арада ықпалды болған жайт, Күрдістан жұмысшылар партиясын қауіпті деп атап, үкіметтің елде қауіпсіздікті қалпына келтіру бағдарламасын жариялауы және «Әділет және даму» партиясын Түркияны бейберекеттіктің құрдымына кетуден құтқаратын партия деп таныстыру болды.
2016 жылдың шілде айында орын алған төңкеріс те «Әділет және даму» партиясының үкіметі мен Ердоғанның өзі үшін осындай функцияға ие болды. Басқаша айтқанда, төңкеріс Түркияда Гүлен қозғалысын жақтаушылардан бастап, әкімшілік, білім беру органдары және армия мен полиция күштеріндегі бұрынғы одақтастарды да қамтыған қарсыластарды басып-жаншуға жағдай жасады. Мұнымен қоса, Анкара үкіметі қоғамдық пікірге әсер ету мақсатында Парламенттегі басқа партиялармен бірігіп, осы партиялардың бүкіл ел бойынша жақтастарының дауысын жинауды көздеп отыр.
Доулат Бағчылы басқаратын Түркияның ұлтшылдар партиясын ойынға кіргізуді осы тұрғыдан бағалауға болады. Бағчылы Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдумда Ердоған мен оның Конституцияға өзгеріс енгізу кампаниясының ұсынысына оң дауыс беретінін қуаттады. Осындай жағдайда Түркия қоғамында өзгерістерге қарсылық туралы сыбыстар шығып жатыр. Сол себепті Конституцияға өзгерістер енгізуге қарсылықтардың жалғасуына алаңдаушылықтар артқан сайын қауіпсіздік органдары қоғамдық пікірді алдарқату үшін төңкеріске қатысы бар деп тапқан адамдарды құрықтауды жалғастыруда. Осылайша олар қоғамда қауіп-қатер мен тынышсыздық жағдайын сақтап қалып, халықты өзгерістерге қолдау көрсетуге итермелеуді көздейді. Түркияның Президенті жуырда осыған ұқсас мақсатпен және қоғамдық пікірді қанағаттандыру үшін тынышсыздықпен күрес мақсатында Гүленнің шетелдердегі, осы жолы Африкадағы белсенділіктерін жою жайлы сөз қозғады.