Сирияда лаңкестікпен күрес осы елдің үкіметімен ынтымақтастық жасау арқылы іске асуы керек
(last modified Sun, 12 Feb 2017 02:50:50 GMT )
Ақп 12, 2017 08:50 Asia/Almaty
  • Сирияда лаңкестікпен күрес осы елдің үкіметімен ынтымақтастық жасау арқылы іске асуы керек

Сирия президенті Американың лаңкестікпен адал күресуін Дамаск үкіметімен ынтымақтастық жасауды қажет ететіндігімен байланыстырды.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия президенті Башар Асад жұма күні "Yahoo News" сайтына берген сұхбатында Халықаралық Кешірім Ұйымының есептерін жақтаушылық сипатқа ие деп: «Егер Америка лаңкестікпен адал күресті бастағысы келсе, осы іске Сирия үкіметімен үйлесімділік жасап кірісуі керек, өйткені ешбір мемлекетте оның халқы және үкіметімен ынтымақтастық жасамай, лаңкестікті жеңуге болмайды» деді.

Асад табиғи қауіпсіз аймақты сол аймақта лаңкестік пен  лаңкестердің болмауына байланысты деп: «Қауіпсіздік пен тұрақтылық болып, көрші елдер мен Батыстың лаңкестерге қолдау көрсетуі доғарылған кезде ғана Сирия халқы үшін қауіпсіз аймақ қалыптасады» деді.