Ақп 12, 2017 15:29 Asia/Almaty
  • Бағдадқа ракеталық шабуыл жасалды

Бағдадтағы дипломаттар тұратын әл-Хадра аумағына ракеталық шабуыл жасалды.

Иран Телерадио бірлестігінің Бағдадтан хабарлауы бойынша, шетелдік маңызды ұйымдар мен дипломатиялық орталықтар орналасқан әл-Хадра аумағындағы сенбі күнгі наразылық шеруін қанқұйлы басып-жаншу әрекетінен кейін бұл аймақ сенбі күні кешке төрт зымыранның нысанасына алынды.

Бұл оқиға Ирак шиіттерінің жетекшісі Мұқтада ас-Садрдың Ирактың астанасында реформа талап етушілердің наразылық шеруін басу үшін қауіпсіздік күштерінің шабуылы кезінде бес адамның, соның ішінде бес шерушінің қазасынан кейін орын алды.

Ирак туралы келесі бір хабарға сәйкес, ДАИШ лаңкестік тобы Киркук облысының оңтүстік-батысындағы әл-Хавиджа қаласы маңындағы бір ауылдағы басып алған аймақтан қашып кеткені үшін Ирактың 15 азаматын, соның ішінде бірнеше жас баланы өртеп жіберген.

 

Тегтер