«Хашд аш-Шааби» Сириядағы ДАИШ мүшелерінің қашуына кедергі жасады
(last modified Mon, 13 Feb 2017 09:32:20 GMT )
Ақп 13, 2017 15:32 Asia/Almaty
  • «Хашд аш-Шааби» Сириядағы ДАИШ мүшелерінің қашуына кедергі жасады

Ирактың «Хашд аш-Шааби» халықтық ерікті күштері жексенбі күні ДАИШ лаңкестік топ мүшелерінің Мосулдың батыс бөлігі арқылы қашуына тосқауыл қойып, олардың көбін өлтірді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирактың халықтық күштерінің 16-дивизиясы Мосулдың батысында орналасқан аш-Шараия және әл-Хассан ауылдарындағы лаңкестердің Сирияға қашуына тосқауыл болды.

Сонымен қатар Ирактың халықтық күштері Талль-Афардағы ДАИШ-тің бомба орнатылған 17 көлігін жойды.

Ирак күштері Мосул қаласының азат етілген аймақтарын ДАИШ лаңкестік тобы орнатқан бомбалар мен жарылғыш заттардан тазалау амалдарын жалғастырып жатыр.

Ирактың кейбір ақпарат көздері жексенбі күні ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісі Әбубакр әл-Бағдадидың Ирактың батысындағы әл-Анбар облысында жараланғаны туралы хабарлады.