Бахрейн революциясының алтыншы жылдығында халықтық ауқымды шерулер өтті
(last modified Wed, 15 Feb 2017 03:42:22 GMT )
Ақп 15, 2017 09:42 Asia/Almaty

Бахрейн халқы революциясының алтыншы жылдығындағы қатаң қауіпсіздік шараларына қарамастан, осы елде Халифе әулеті режиміне қарсы халықтық наразылықтар өтті.

Ақпан айының 14-і, сейсенбі күні Бахрейн халқының Халифе әулеті режиміне қарсы революциясының басталуына алты жыл болды. Революцияның басталғанына алты жыл өткенімен бәсеңдеудің орнына, керісінше, наразылықтар одан әрі артуда.

Бахрейннің 15-тен астам аймағының мыңдаған тұрғыны сейсенбі күні осы ел революциясының жылдығына байланысты шеруге шықты.

Шерушілер Халифе әулеті режимінің саясаттарына қарсы ұрандар айтып, Бахрейн революциясының рухани жетекшісі шейх Иса Ғасем мен саяси тұтқындарға үн қосты.

Шерулер кезінде режимнің қауіпсіздік күштері шерушілерге улы газдар және бытыра оқтармен шабуыл жасады.

Халықтық шерулерді басып-жаншуға ресми форма кимеген бір топ күш қатысты.

Бахрейн халқының негізгі талаптары заңды билік және қалаулы жүйенің іс басына келуі, кемсітушілікті доғару, саяси реформалар, адам құқығының қорғалуы мен әділет пен бостандық орнату болып табылады.