Насролла: Қарсыласу өзегі Израиль мен АҚШ-тан қорықпайды
(last modified Fri, 17 Feb 2017 13:55:22 GMT )
Ақп 17, 2017 19:55 Asia/Almaty
  • Насролла: Қарсыласу өзегі Израиль мен АҚШ-тан қорықпайды

Ливан Хезболласының бас хатшысы қарсыласу өзегінің қолбасшылары мен жетекшілерінің шәһид болған күнінің жылдығында: «Израильдің Ливан Хезболласына қатысты ұстанымдары күшейе түскен сияқты. Бұл режим Ливан Хезболласын өзіне қарсы басты қауіп-қатер санайды. Бұл – қарсыласу өзегі үшін мақтаныш»,-деді.

Израильдің қоқан-лоққылары жаңалық емес. Қазіргі жағдайдағы Израильдің мақсаты Ливан халқына қысым жасау болып отырған сияқты. Тіпті, егер АҚШ Президенті Дональд Трамп Нетаньяхуға рұқсат етсе де, оны Ливанға шабуыл жасауға ынталандырса да,  бұл іс исламдық қарсыласуды қорқытпайды. 

Кейбір араб елдері Израильдің Ливанмен соғысының қаражатын төлеуге дайын. Израильге 2006 жылғы соғысты бастауға рұқсат берген арабтардың қолдауына қатысты құжат бүгінде басқа уақыттардан көбірек белгілі болып отыр»,-деді.