Хания: Палестина Израильмен әл-Ақса мешіті үшін соғысуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i24428-Хания_Палестина_Израильмен_әл_Ақса_мешіті_үшін_соғысуда
Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысының саяси бюросы басшысының орынбасары: "Палестина сионистік режиммен әл-Ақса мешіті және Палестинаның болмысы үшін соғысуда",- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 18, 2017 14:58 Asia/Almaty
  • Хания: Палестина Израильмен әл-Ақса мешіті үшін соғысуда

Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысының саяси бюросы басшысының орынбасары: "Палестина сионистік режиммен әл-Ақса мешіті және Палестинаның болмысы үшін соғысуда",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС қозғалысының саяси бюросы басшысының орынбасары Исмаил Хания жұма күні кешке Газа қаласындағы разавилік шәһидтер мешітінің ашылу рәсімінде: "Палестина халқының талпыныстары мен табандылықтарының арқасында сионистік режимнің әл-Ақса мешітін уақыт пен мекен тұрғысынан бөлшектеу және мұсылман үмбетінің көзін жою негізіндегі жоспарының күлі көкке ұшады",- деді.

Палестинаның Заң шығарушы кеңесінің вице-спикері Ахмад Баһар Палестинаның барлық тап өкілдері мен топтарын АҚШ президенті Дональд Трамптың араб және мұсылман халықтарына қарсы нәсілшілдік саясаттарына қарсы бірігуін сұрады.

Сионистік режимнің нәсілшілдік әрекеттерінің күшеюі Дональд Трамптың 2017 жылдың қаңтар айының жиырмасынан билік басына келгеннен бастап әлем халықтарының, әсіресе аймақ мұсылмандары мен араб халықтарының ашу-ызасын тудырды.