Түркияның Шанлыурфа қаласындағы жарылыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 15 жарақат алды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i24430-Түркияның_Шанлыурфа_қаласындағы_жарылыс_салдарынан_3_адам_қаза_тауып_15_жарақат_алды
Жұма күні кешке Түркияның Шанлыурфа қаласындағы Вираншаһрда орын алған қатты жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 18, 2017 15:05 Asia/Almaty
  • Түркияның Шанлыурфа қаласындағы жарылыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 15 жарақат алды

Жұма күні кешке Түркияның Шанлыурфа қаласындағы Вираншаһрда орын алған қатты жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды.

Alalam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жарылыс Вираншаһрдегі прокуратуралар мен соттардың тұрғын үйлері маңында орын алып, қаланың барлық аймақтарында естілген.

Түркияның қауіпсіздік органдарының хабарлауынша, жарылысқа бомба қойылған көлік себеп болған.

Түркия Ирак пен Сириядағы лаңкестердің негізгі қолдаушысы ретінде соңғы айлар ішінде Түркияның түрлі қалаларындағы лаңкестік шабуылдардың артуына куә болып отыр.