Сирия мүфтиі Түркия жүйесінің өз жақындарын жаппай қыруын айыптады
Сирияның бас мүфтиі Түркияны Алеппо облысының әл-Баб қаласында өз жақындарынан 18 адамның жаппай қырылуының себепкері деп атады.
Сирияның бас мүфтиі Ахмад Бадраддин Хассун Түркия қырғи ұшақтарының Сириядағы әл-Баб қаласына жасаған жуырдағы шабуылдарында ондаған бейбіт тұрғынның қаза болуына тоқталып: "Түркия осы әрекеттерімен өзінің сұм мақсаттарын жүзеге асыруды көздеп отыр" деді.
Бұдан бұрын Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Түркияның Сирияға әскери қызметкерлерін жөнелтуінің мақсатын осы елдің заңды президенті Башар Асадты құлату деп мәлімдеген болатын.
Түркия 2016 жылдың жазында Сирияның солтүстігінде Түркияның шекараларына жақын жерлердегі ДАИШ лаңкестерін жою мақсатында "Фырат қалқаны" деп аталған әскери басқыншылық әрекеттерін бастауға бұйрық берді.
Сирия мүфтиі өз елі мен ИИР-ның, Ливан мен қарсыласу шебінің Палестина үшін жазаланып жатқанын айтып, Палестина өз мақсатына жетпейінше, осы елді қолдаудың жалғасатынын қуаттады.