ХАМАС Палестина интифазасын қолдау конференциясының маңыздылығын қуаттады
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС аймақ пен әлемнің қазіргі жағдайында Теһрандағы Құдс пен интифазаны қолдау мақсатындағы 6-шы конференцияның ерекше маңыздылығын қуаттады.
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС жетекшілерінің бірі Тахер әл-Нуну: "Теһрандағы Құдс пен интифазаны қолдау кнференциясы шын мәнінде аймақтағы стратегиялық вариант ретінде қарсыласу вариантын қуаттау болып табылады" деді.
Осыдан бұрын да ХАМАС-тың жетекшілері, соның ішінде, Махмұд әз-Захар интифазаны қолдау конференциясының маңыздылығын қуаттаумен қатар, конференцияға жоғары деңгейлі делегацияның жіберілетінін мәлімдеді.
ХАМАС-тың ақпарат өкілі Хазем Қасем де біраз бұрын аталмыш конференцияға осы қозғалыстың жоғары деңгейде қатысатынын хабарлаған болатын.
Құдс пен интифазаны қолдау мақсатындағы 6-шы конференция ақпан айының жиырма бірі күні Теһранда исламдық елдердің жоғары лауазымды басшыларының қатысуымен өтеді.