ХАМАС Палестина интифазасын қолдау конференциясының маңыздылығын қуаттады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i24482
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС аймақ пен әлемнің қазіргі жағдайында Теһрандағы Құдс пен интифазаны қолдау мақсатындағы 6-шы конференцияның ерекше маңыздылығын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 19, 2017 23:23 Asia/Almaty
  • ХАМАС Палестина интифазасын қолдау конференциясының маңыздылығын қуаттады

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС аймақ пен әлемнің қазіргі жағдайында Теһрандағы Құдс пен интифазаны қолдау мақсатындағы 6-шы конференцияның ерекше маңыздылығын қуаттады.

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС жетекшілерінің бірі Тахер әл-Нуну: "Теһрандағы Құдс пен интифазаны қолдау кнференциясы шын мәнінде аймақтағы стратегиялық вариант ретінде қарсыласу вариантын қуаттау болып табылады" деді.

Осыдан бұрын да ХАМАС-тың жетекшілері, соның ішінде, Махмұд әз-Захар  интифазаны қолдау конференциясының маңыздылығын қуаттаумен қатар, конференцияға жоғары деңгейлі делегацияның жіберілетінін мәлімдеді.

ХАМАС-тың ақпарат өкілі Хазем Қасем де біраз бұрын аталмыш конференцияға  осы қозғалыстың жоғары деңгейде қатысатынын хабарлаған болатын.

Құдс пен интифазаны қолдау мақсатындағы 6-шы конференция ақпан айының жиырма бірі күні Теһранда исламдық елдердің жоғары лауазымды басшыларының қатысуымен өтеді.