Сейед Хасан Насролла: Иранға қарсы әскери қоқан-лоққы – психикалық соғыс
(last modified Tue, 21 Feb 2017 08:01:10 GMT )
Ақп 21, 2017 14:01 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насролла: Иранға қарсы әскери қоқан-лоққы – психикалық соғыс

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Иранға қарсы әскери қоқан-лоққыны ұпай алуды немесе негіздері мен құндылықтарынан артқа шегіндіруді мақсат ететін Иранның діни жетекшісі, үкіметі мен халқына қарсы психикалық соғыс деп атады.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла дүйсенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында «Вашингтон Иранға шабуыл жасайтын жағдайда емес.  Америкалықтар ИИР-ның жалғыз емес екенін біледі. Сириядағы соғыс тек қарулы лаңкестік топтарға қарсы соғыс қана емес, АҚШ басқарған батыс және араб үкіметтері мен олардың одақтастарына қарсы соғыс»,- деді.

Сейед Хасан Насролла сонымен бірге Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысының екінші жылының аяқталуына жақындағанына назар аудартып: «Бұл шабуылға АҚШ, сионистік режим мен кейбір араб мемлекеттері тікелей қатысуда»,- деді.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдарының салдарынан жеті миллионнан астам йемендіктің қоршауда қалғанына сілтеме жасап: «Йеменнің езгідегі халқы шапқыншыларға қарсы табандылық көрсетуде»,- деп қуаттады. Насролла сондай-ақ АҚШ пен  сионистік режимнің Ливан Хизболласын лаңкестік топ деп атауы туралы сұраққа: «Лаңкестер халықтарға төрелік етіп, басқаларды лаңкес деп көрсетпеуі керек»,- деді.