Нау 09, 2016 21:32 Asia/Almaty
  • ИСИМ Ирактың солтүстігіне химиялық шабуыл жасады

Ирактың қауіпсіздік дереккөздері ИСИМ лаңкестік тобының осы елдің солтүстігіндегі Киркук облысына химиялық шабуыл жасағанын хабарлады.

«Alalam» телеарнасының сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша Ирактың атын атамауды өтінген бір қауіпсіздік дереккөзі ИСИМ тобының Ирак армиясы мен халықтық күштерінің ілгерілеуін тоқтатуды көздейтінін айтып: «ИСИМ лаңкестері Киркук облысының кейбір аймақтарын хлор газы бар оқтармен нысанаға алды. Сол шабуылдардың салдарынан төрт адам, соның ішінде бір бала қаза тапты.

ИСИМ-нің осы химиялық шабуылынан Киркуктің ондаған тұрғыны тұншығып қала жаздады» деді.

Ирактан келіп түскен келесі бір мәлімет бойынша, Ирак армиясы мен халықтық күштері сәрсенбі күні осы елдің батысындағы әл- Америе аймағы мен Фалудженің оңтүстігінде ИСИМ- нің бекіністерін нысанаға алған. Осы шабуылдың нәтижесінде 9 лаңкестің көзі жойылды.

Фалудженің Америе аймағын, әсіресе Евфрат маңындағы аймақтар мен Фалудже бөгеті маңындағы аймақтарды тазартып, ИСИМге көмек- жәрдем жеткізілетін жолдарды жауып, осы топты әлсірету үшін қақтығыстар жалғасуда.

Тегтер