Мосул әуежайы толығымен ирактық күштердің қарамағына өтті
(last modified Thu, 23 Feb 2017 16:43:29 GMT )
Ақп 23, 2017 22:43 Asia/Almaty

Ресейдің "Спутник" ақпарат агенттігі Ирактың бір қауіпсіздік дереккөзіне сілтеме жасап, осы ел күштерінің Ирактың солтүстігінде орналасқан Нейнава облысының орталығы Мосулдің әуежайын толығымен өз қарамағына алғанын хабарлады.

Ирактың ақпараттық дереккөздері: «Ирактық күштер Мосул қаласының батыс бөлігінде лаңкестерді қоршау шеңберін тарылтып, осы қаланың негізгі әуежайы мен қаланың маңындағы бір базаға шабуыл жасады. Жедел қимыл күштері мен Ирактың федералды полициясы Мосулдың әуежайына, лаңкестікпен күрес күштері Мосул қаласының маңындағы "әл-Ғазлани" базасына шабуыл жасады» деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер