Сирияның Түркиямен тікелей қақтығысу ықтималы зор
Сирияның Ұлттық татуласу министрі Түркия күштерінің Сирия жеріндегі орналасуының елдің егемендігін бұзып, жерді басып алу саналатынын, сол себепті екі елдің әскери салада қақтығысуы мүмкін екендігін қуаттады.
Сирияның Ұлттық татуласу министрі Ресейдің «Спутник» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Сирия үкіметінің елде Түркия күштерінің орналасуына қатысты саясаты өзгерген жоқ. Біздің ұстанымымыз тұрақты. Сирия үкіметі саяси жолдарды қолданып, Түркиямен тікелей әскери бетпе-бет келуден бас тартуға талпыныс жасайды. Кері жағдайда Түркия күштерімен бетпе-бет келудің уақыты мен орынын Сирияның саяси және әскери басшылары анықтайды»,- деді.
Түркия лаңкеcтердің қолдаушыларының бірі ретінде өткен жылдың тамыз айында Сирияның солтүстігінде елдің күрд әскерилеріне қарсы «Евфрат қалқаны» операциясын бастаған болатын.