Сирияның әл-Баб қаласында Түркия армиясының әскери базасының құрылысы басталды
Ақп 27, 2017 21:45 Asia/Almaty
Сирия үкіметі Түркия күштерінің өз жерінде болуын осы елдің әкімшілік құқығын бұзу және жерін басып алу деп отырғанына қарамастан, Түркия қолдап отырған қарулы топтарға қарасты сайттар осы елдің армиясы Алеппо облысының солтүстік-шығысының маңындағы әл- Баб қаласында Джабал Ағил аймағында әскери базаның құрылысын салуды бастағанын хабарлады.
Әл-Баб қаласы 24-ші ақпанда толығымен Түркия армиясы мен осы ел қолдап отырған қарулы топтардың қарамағына өтті. Түркия лаңкестерді демеушілердің бірі ретінде лаңкестікпен күрес уәжімен "Евфрат қалқаны" амалдарын өткен жылдың тамыз айының 24-і күні Сирияның солтүстігінде осы елдің күрд күштеріне қарсы бастады.
Тегтер