ДАИШ қолбасшысы бұл топтың Иракта сәтсіздікке ұшырағанын мойындады
(last modified Wed, 01 Mar 2017 06:48:10 GMT )
Нау 01, 2017 12:48 Asia/Almaty
  • ДАИШ қолбасшысы бұл топтың  Иракта сәтсіздікке ұшырағанын мойындады

ДАИШ лаңкестік тобының қолбасшысы Абубакр әл-Бағдади өзінің қоштасу ретінде айтқан құтбасында бұл топтың Иракта сәтсіздікке ұшырағанын мойындап, топтың мүшелерінен таулы аймақтарға кетуді талап етті.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметінше, Нейнава облысының жергілікті деректі көзі сейсенбі күні Ирактың «Summary News» ғаламтор базасына: «Абубакр әл-Бағдади ДАИШ-тың бақылауындағы аймақтағы жақтастарына сөйлеген сөзінде  жуырдағы қақтығыстара ДАИШ-тың сәтсіздікке ұшырағанын мойындап, олардан жасырынуды сұрады. Абубкар әл-Бағдади өз сөзін «Жақындармен қоштасу құтбасы» деп атап, ДАИШ-тың жағдайы туралы айтуы үшін оның мәтінін ДАИШ-тың құтпагерлеріне  тапсырды. Құтпагерлер сөздерінде ДАИШ-тың Нейнава және Ирактың басқа облыстарында нәтижеге жетпегені туралы хабарлады»,- деп мәлімдеді.

Атын атауды қаламааған осы бұл ирактық дереккөзә: «Абубакр әл-Бағдадидің құтпасында ДАИШ мүшелеріне  егер  ирактық күштердің қоршауына түссе, өздерін жарып жіберу туралы кеңес берілген. Ол Сирия мен Ирактағы жақтастарынан таулы аймақтарға кетуді талап етті.

 

 

Тегтер