Әл-Джафари: Түркия осы уақытқа дейін Сирияға 300 000 лаңкес аттандырды
Сирия үкіметінің келісімгер тобының басшысы Женевада Түркияның Сирияны қиратып, бұл елдің халқын қыру үшін жалпы саны 300 000 лаңкесті осы елге аттандырғаны туралы хабарлады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Сирия үкіметінің келісімгер тобының басшысы Башар әл-Джафари Женева келіссөздерінде сейсенбі күні журналистердің бірінің Түркия дипломаттарымен сөйлеспегені туралы сұраққа: «Түркия шекарасынан Сирияға енген 300 000 қанішер лаңкес елді қиратып, ауылдары мен қалаларын өртеп, жанұяларын тірідей өртеп жіберді. Түркия әскері де Сирияның егемендігін бұзып, бұл елдің жеріне кіріп, кейбір жерлерін басып алды. Түркия – Сириядағы қылмыстардың факторы. Бұл мемлекет өз шекарасынан тәкфіршіл лаңкестерді Сирияға өткізіп, Сирия халқының азаптарына себеп болды. Түркия тәкфіршілерді Стамбулда тұрғызды. Бүгін өз қателіктерінің зардабын тартып отыр. Түркияда жаттыққан лаңкестер бұл елдің өзіне қатер тудырып, Түркия басшылары оларды бақылай алмай қалды»,- деді.