Бахрейндегі "Джо" түрмесіндегілер аштық жариялады
Бахрейннің адам құқығы орталығы төрағасының орынбасары "Джо" орталық түрмесіндегі тұтқындардың өздерінің негізгі құқықтарынан мақұрым қалуына байланысты өздерінің заңды талаптары жүзеге асқанша наразылық ретінде шектеусіз аштық жариялауды бастағандарын хабарлады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Бахрейннің адам құқығы орталығы төрағасының орынбасары Юсеф әл- Мохафезе: «"Әл-Анбар" аймағында "Джо" түрмесінде мыңнан астам бахрейндік тұтқын жексенбіден бастап шексіз мерзімге аштық жариялап, бахрейндік азаматтарға үн қосуды сұрады» деді.
"Джо" түрмесінің басшылары тұтқындардың өз отбасыларымен кездесуінің уақытын бір сағатқа қысқартумен қоса, емдеу қызметін ұсыну және де діни парыздарын орындау бойынша түрмедегілерге шектеу қойды.
Бахрейннің қауіпсіздік қайраткерлері сондай- ақ кек алу шарасында "Джо" түрмесіндегі өз перзенттерінің жағдайына шағымданушы саяси тұтқындардың отбасыларын шақырып, олардың үстінен тергеу жүргізді.
Адам құқығы белсендісі Зейнаб ал-Хамистің айтуына қарағанда, Бахрейннің қауіпсіздік қайраткерлері "Джо" түрмесінің әділет хатшылығына шағым түсіруіне байланысты тұтқындардың отбасыларына ахлаққа жат арандатушылық қатынас көрсетті.