Башар Асад: Америка – бүлік ұйымдастырудың шебері
Башар Асад: "Америкалықтар – бүлік және әртүрлі қиыншылықтар мен түйткілдер ұйымдастырудың шебері. Олар тек қалай қиратуды ғана жақсы біледі" деді.
"Меһр" ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауынша, Сирия президенті Башар Асад Қытайдың Phoenix арнасына берген сұхбатында: "Вашингтонмен ешқандай ресми байланысымыз жоқ. АҚШ Сириямен ақылдаспай, ДАИШ-тің Сириядағы тұрғыларына шабуыл жасады. Бұл заңсыз әрекет болып табылады. Дамаск Сирия жеріне рұқсатсыз кіретін шетелдік күштерді шапқыншы күштер деп санайды. Елдің келешек саяси жүйесі сириялықтарға байланысты. Халықтың қалауы жөнінде референдум өткізіледі. Сирия дағдарысы лаңкестермен шайқас және сұхбаттасудың бірдей жүргізілуі арқылы шешілуі керек. Лаңкестермен соғысып, Сирия дағдарысын шешу үшін келіссөздерге қатысу керек" деді. Башар Асад Женева келіссөздеріне сілтеме жасап: "Женева келіссөздерінен нәтиже күтпейміз, бірақ ол Сирия дағдарысын шешу үшін жасалған бір қадам болып табылады. Бұл ұзақ жол болады" деді.