Сауд Арабиясының Йеменнің бейбіт тұрғын аймақтарына шабуылдары – адам құқығын бұзу
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясының Йеменнің бейбіт тұрғын аймақтары мен әскери емес нысандарына шабуылдарын күшейтуін және халықаралық ұйымдар мен жауапты органдардың Йеменге көмек жеткізуінің алдын алуын айыптап, оны адам құқығын бұзу деп атады.
Саудияның шапқыншы қырғи ұшақтарының жұма күні кешке Йеменнің батысындағы әл-Хадиде облысының әл- Хуне қаласындағы бір базарға жасаған шабуылынан 26 бейбіт адам қайтыс болып, бірқатар адам жараланды.
СІМ-нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуі бойынша Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні БҰҰ мен өзге халықаралық органдардан әуе шабуылдары барысында йемендік әскери емес азаматтардың өлтірілуі мәселесін қарастыруды сұрап: "Халықаралық органдар осындай шабуылдарды жедел тоқтатып, әскери емес азаматтардың, әсіресе әйелдер мен балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті шара қолдануы керек" деді.
Сауд Арабиясы АҚШ пен эр-Риядтың Батыс және араб одақтастарының демеушілігімен 2015 жылдың наурыз айынан бері Йеменге әскери шапқыншылық жасап, Йеменнің отставкадағы президенті Абд Раббо Мансур Хадиды билікке қайтару желеуімен осы елді құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алып отыр.